Шымкентте бір аптаның ішінде жалған нөмірмен жүрген 36 автокөлік ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентте бір аптаның ішінде жалған нөмірмен жүрген 36 автокөлік ұсталды

29.04.2022

Шымкентте бір аптаның ішінде жалған нөмірмен жүрген 36 автокөлік ұсталды. Оның 22-не әкімшілік хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды. Заңға сәйкес енді мұндай авто көліктердің иелері 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Немесе бір жылға дейін көлік жүргізу құқығынан айырылады. Қалған 12 оқиға бойынша да қазір хаттама рәсімделуде. Жалпы шаһарда «Қорғау» жүйесінің көмегімен соңғы бір аптада 356 жол ережесін өресекел бұзу фактісі анықталған.

Ерғали Сүлейменов, Полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының басшысы:
Полиция қызметкерлерінің ойынша олар қазіргі таңда айыппұлдардан қашуға және өздерінің көліктерін айыппұлға түсірмеу, жол ережесін өрескел бұзып жүруге арнап отыр.

Ғани Қалмаханов

Хабарламаларға жазылу