Елде 5% мөлшерлемемен ипотекалық бағдарлама ашу ұсынылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде 5% мөлшерлемемен ипотекалық бағдарлама ашу ұсынылды

28.04.2022

Елде 5% мөлшерлемемен жаңа ипотекалық бағдарлама ашу керек. Осындай ұсыныс айтқан Қазақстан Халық партиясы бағдарлама ашылса, бұған дейін жеңілдетілген несиемен үй алып үлгермеген тұрғындарға тиімді боларын айтады. Сонымен бірге құрылыс саласы қайта жанданып, жаңа жұмыс орны ашылады деген ниетте. Партия өкілдері қазір нарықтағы пәтердің құрылыс кезінде-ақ сатылып кететінін еске салды. Әрі жақын арада «7-20-25» бағдарламасы аяқталса, жеңілдетілген несиемен үй беретін жаңа бағдарлама қажет дейді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу