Бас прокуратура қазақстандықтардың еңбек құқығын бұзған ірі компанияларды атады. Олар «Қазцинк», «Казхром», «Казфосфат», «Аралтұз», «Казақмыс» және «Өзенмұнайгаз» мекемелері. Ондағы жұмысшылар қорғаныш құралдары және ыстық тамақпен қамтамасыз етілмеген. Бұған қатысты 2 мыңнан астам факті тіркелді. Жұмыс берушілер қызметкерлерді оқыту, міндетті нұсқау беру, сақтандыру және медициналық тексеруден өткізу шараларын орындамаған. Салдарынан 5 мың қызметкердің еңбек құқығы бұзылды. Өрт, өндірістік, және санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік бойынша 6 жарым мыңнан астам заң бұзушылық анықталған. Жұмысшылардың өндірістік жарақаттары мен өлімін жасыруға қатысты 40-тан астам дерек тіркелді. Тексеру қорытындысы бойынша 69 қадағалау акті енгізіліп, 226 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Раушан Сайлауқызы