Тайваньда коронавирус өршіді. Індетті жұқтырғандар саны алғаш рет 10 мыңнан асқан. Денсаулық сақтау органы инфекция одан әрі өрши түседі деген болжам айтты. Науқастардың 99 пайызында вирус симптомсыз жеңіл түрде өтіп жатыр. Тұрғындар ковидке қарсы екпе мен оның қосымша дозасын алуға асық. Жыл басында Тайвань коронавируспен күресу үшін шекарада бақылау орнатып, қатаң карантин жариялаған. Вакциналау да қарқынды жүрді. Соған қарамастан вирустың таралуы азаймай отыр.
Арай Төлегенқызы