Ана мен бала өлімі: Павлодар облысында 4 айда 24 сәби қайтыс болған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ана мен бала өлімі: Павлодар облысында 4 айда 24 сәби қайтыс болған

28.04.2022

Павлодар облысында биыл сәбилердің шетінеуі тым көбейіп кетті. 4 айда 24 шақалақ қайтыс болған. Соның салдарынан туу көрсеткіші төмендеп барады. Мәселен, 2020 жылы 11 500 сәби дүние есігін ашса, осы жылы тек 2 706 ана босанған.

Гүлнәр Бұратаева, Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары:
Шетінеген сәбилердің дені ана құрсағында жатып дамымай қалған және туа біткен жүрек талмасына ұшырағаны анықталды. Сондықтан біз жүкті әйелдерді алдын-ала тексеру алгоритіміне өзгеріс енгізіп жатырмыз. Дәрігерлік бақылау күшейтілді. 

Аймақта ана өлімі де алаңдатып отыр. Жылдың бастапқы үш айында 2 дерек тіркелді. Оның бірінде жүкті ана қатерлі ісік ауруынан ал, екіншісі созылмалы дерттен көз жұмғаны анықталған. 

Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
Өткен жылы ана өлімінің 70 пайызы короновирус инфекциясының таралуымен байланысты болды. Өйткені жүкті әйелдің ағзасында вирус өте жылдам күш алатының байқадық. Қазір жағдай қалыпты. Бірақ Атырау облысы мен Павлодардағы ана өлімі бізді алаңдатып отыр.

Болат Аманбаев  

Хабарламаларға жазылу