«Жаңа толқын-2014» халықаралық байқауының екінші күнінде үміткерлер танымал әншілермен өз елдерінің хит әндерін орындайды.
Қазақстан атынан бақ сынап жатқан Әлішер Кәрімов «Дизантри» сахнасында украиналық әнші Татьяна Ширкомен ән шырқайды.
Әлішердің реттік саны – 15.
Байқау басталмас бұрын ресейлік сахна жұлдыздары Валерий Леонтьев, Любовь Успенская, Александр Серов, Анжелика Варум, Борис Моисеев, Лайма Вайкуле, Иосиф Павлиашвили, «Блестящие» тобы және Александар Ревваның қатысуымен кеш өтеді.