Сенатта биологиялық қауіпсіздік саласына қатысты заң жобасы қаралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенатта биологиялық қауіпсіздік саласына қатысты заң жобасы қаралды

28.04.2022

Екі лауазым иесінің жалақысы көлемінде жәрдемақы берілуі мүмкін. Бәріне емес әрине. Бірақ мұнай қолдау био-агенттермен жұмыс істейтін ұжымға көрсетіледі. Бүгін Сенатта биологиялық қауіпсіздік саласына қатысты заң жобасы қаралды.

Нысаналы Ығыл, тілші:

Көтеріліп отырған мәселе өзекті. Өйткені, инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алып, емдеу жолы іздестіріледі. Мәселен, коронавируста кенеттен келді. Бірақ, дендеп енді. Міне, сондайда қылдың үстінде жүріп, қызмет еткен мамандарды сауықтыру да маңызды. Екі лауазым иесінің жалақысы көлеміндегі жәрдемақы осы бағытқа беріледі. Сондай-ақ еңбекақыларын арттыру да жоспарланып отыр. Кадр даяр болса, қалғанын да реттеуге болады. Биологиялық қауіпсіздік саласында ғылыми-техникалық жобалар жасау, жабдықталған зертханалар ашу, уақтылы диагностика жүргізу құжатта қамтылған. Себебі, аталған саланы дербес реттейтін заң жоқ. Бұл соның орнын толтыруға тиіс.


Хабарламаларға жазылу