Жамбылда алты азамат 20 қап алтынмен ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбылда алты азамат 20 қап алтынмен ұсталды

28.04.2022

Жамбылда алты азамат 20 қап алтынмен ұсталды. Олар Мойынқұм ауданындағы шахтада тау жыныстарын заңсыз өндірумен айналысқан. Бір топ ер адам 21 сәуір күні, «Ақбақай» ауылы маңындағы шахтаға жүк көлігімен келіп, құрамында алтыны бар кенді қазған. Тергеуде анықталғандай ұсталғандардың бесеуі Жамбыл облысының, біреуі Алматы өңірінің тұрғыны болып шықты. Күдіктілерден генератор, темір кескіш және балға түріндегі заттай айғақтар тәркіленді. Қазіргі таңда осы іске қатысты сот-химиялық сараптамасы тағайындалып, қылмыстық іс қозғалды. Мемлекетке келтірілген залал көлемі де анықталуда.

Хабарламаларға жазылу