Шығыста автокөлік жолдырын күтіп ұстамаған 120-ға жуық лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды. Олар негізінен бөлім басшылары мен квазимемлекеттік сектор және мердігерлік ұйымдардың өкілдері. Облыстық полиция департаменті қызметкерлері жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп мың жарымнан астам тексеру жүргізген. Нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою бойынша 1400 ұйғарым жасалды. Полиция департаментінің ұсынысы бойынша Өскемен және Семей қалаларында жаңа 6 бағдаршам орнатылмақ.
Олжас Керейхан