«Террорлық қауіп бар» деп жалған ақпар таратқандар 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бас Прокуратура осындай үндеу жасады. Елімізде соңғы уақытта терроризм актілері туралы көрінеу жалған хабарламалар жиілеп кетті. Мәселен, 26-сәуірде бірнеше оқу орнының электронды мекенжайларына жарылғыш құрылғылар туралы хабарламалар түскен. Олардың барлығы тексеріліп, расталмаған. Осыған дейін де Алматыдағы әуежайға, елордадағы сауда ойын-сауық орталықтарында «жарылғыш зат қойылды» деп жалған ақпарат тарады. Жалпы, соңғы 6 жылда терроризм актісі туралы жалған хабарлама берген 236 тұлға сотталды. Оның 147-сі бас бостандығынан айырылды. Ал шұғыл қызметтердің жалған шақыруымен келтірілген материалдық залалы толық кінәлілерден өндірілді.
Алла Гаврина