Елордада Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған көрме көрме өтіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада Хиуаз Доспанованың 100 жылдығына арналған көрме көрме өтіп жатыр

27.04.2022

Аты аңызға айналған қазақтың батыр қызы. Елордада осындай атаумен тарихи көрме өтіп жатыр. Шара Халық қаһарманы, ұшқыш Хиуаз Доспанованың туғанына 100 жыл толуына орай Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейімен бірлесе ұйымдастырылды. Көрмеде Хиуаз Доспанова, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың фотосуреттері мен барлығы 60 шақты жәдігер қойылды. Басты мақсат майдангерлердің есімдерін мәңгілікке қалдыру, өскелең ұрпақтың Отанға деген мақтаныш сезімін ояту және тарихқа құрметпен қарауға үйрету. Көрме 2-мамырға дейін жалғасады.

Динара Аманжолқызы, Атырау облыстық Тарихи-өлкетану музейі директорының міндетін атқарушы:

Біздің көрмемізде өзінің штурман құралдары, қолғабы, көзі тірісінде қолданған құралдары, өзінің фарфор кесе-ыдысы орын алған.

Дәулет Қадіров, ұйымдастырушы:

Көшпелі көрме болып табылады. Атырау облыстық Өлкетану музейі Нұр-Сұлтан, кейін Алматы қаласында, өзге де қалаларда жалғасын табады.


Хабарламаларға жазылу