Шымкенттік келіншек алаяқтардың арбауына түсіп, 50 миллион теңгесінен айырылып қалды. Елорда маңындағы Қосшы қаласынан үй мен жер телімін сатып алуды ұсынған екі азамат ақшаны алдап алған соң, ізім-қайым жоқ болған. Полицияның жедел іздестіруінің арқасында алаяқтар көп ұзамай қолға түсті. Олардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының, екіншісі Түркістан облысының тұрғыны болып шақты. 38 және 39 жастағы бұл азаматтар істеген әрекеті үшін абақтыға қамалды. Қазір тергеу жүріп жатыр.
Ғани Қалмаханов