Ресейдің монополист компаниясы «Газпром» бүгіннен бастап Болгария мен Польшаға газ беруді тоқтататынын мәлімдеді.
Мұндай ескертуді София ресми түрде алғанын хабарлап отыр. Мәскеу көгілдір отынның ақысын рубльмен төлемегені үшін бұл мемлекетке газ экспортын доғарған. Алайда, Болгария үкіметі қазіргі келісім шарт бойынша барлық міндеттемелерін орындағанын айтады. Сейсенбі күн Ресей Польшаға да газ жеткізуді тоқтатты. Өйткені, Варшава да отынның құнын рубльмен өтеуге тиіс.
БҰҰ Бас хатшысы Путинмен кездесті
Ал, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Мәскеуде президент Владимир Путинмен кездесті. Келіссөздер барысында Антониу Гутерриш Украинаға әскер кіргізудің халықаралық заңдарға қайшы екенін айтып, бейбіт халықты көшіру үшін гуманитарлық дәліз ұйымдастыруды ұсынды. Кремль басшысы болса, ондай жолдың ашық тұрғанын мәлімдеген. Тағы бір сөзінде Путин Киевпен бейбіт келіссөздердің видеоформатта өтіп жатқанын және дипломатиялық ресурстардың әлі таусылмағанын да атап өтті.
Арыстан Рысбек