Елімізде депозит салымшылары көбірек сыйақы алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде депозит салымшылары көбірек сыйақы алады

26.04.2022

Ал депозиттерге кепілдік беру қоры екі айға депозит мөлшерлемелерін көтерді. Бұған кеше базалық мөлшерлеменің 14 пайызға дейін өсуі себеп. Сол үшін теңгедегі депозиті бар қазақстандықтар сәуір мен мамыр үшін салымнан көбірек ақша алады. Мәселен мерзімсіз депозит мөлшерлемесі 13,5; ал жарты жылға дейінгі мерзімді 14, алты айға дейінгі жинақтық депозит мөлшерлемесі 14,5 пайызға дейін көтеріліп отыр. Бұл қаржы нарығын тұрақтандырып, теңгеге сенімді күшейтеді дейді сарапшылар. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу