Ата Заңнан өлім жазасы алынады. Еліміз оның күшін жоюды көздейтін екінші факультативтік хаттамаға қосылды. Бұған қоса адам құқықтары саласындағы жарлыққа қол қойылды. Ал былтыр Қылмыстық кодекстен және басқа заңдардан да ондай норма алынып тасталды. Жалпы, өлім жазасына 141 мемлекет тыйым салу нормасын бекіткен. Өйткені, өлім жазасына кесу – кісі өлтіруді заңды түрде санкциялау деп түсіндіреді.
Бақыт Нұрмұханов, Конституциялық кеңестің аппарат жетекшісі:
Енді бұл ұғым Ата заңнан жойылып отыр. Осылайша Қазақстан іс жүзінде де, заң жүзінде де өлім жазасы жоқ мемлекет деп айта аламыз.