Бір-бірінен айнымайтын жобаны әртүрлі сомадағы ақшаға жүзеге асырған өңірлерді тексеру керек – депутаттар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бір-бірінен айнымайтын жобаны әртүрлі сомадағы ақшаға жүзеге асырған өңірлерді тексеру керек – депутаттар

26.04.2022

Бір-бірінен айнамайтын жобаны әртүрлі сомадағы ақшаға жүзеге асырған өңірлерді тексеру керек. Мұндай ұсыныс Мәжіліс отырысында жасалды. Депутаттардың айтуынша, ұқсас екі нысан құрылысының құнындағы айырмашылық жер мен көктей. Бір жерде ауыл клубы 50 млн теңгеге салынса, басқа жерде тура сондай жобаға жарты миллиард теңге жұмсалған. «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасын талқылау кезінде қаржыны тиімді жұмсау мәселесі де көтерілді. Мәжіліс депутаттары Ұлттық экономика министріне бірнеше мысал келтіре отырып, неліктен мұндайға жол берілетінін сұрады.

Мәди Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Мысалы, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Шалқия кентіндегі 150 орындық ауылдық клубтың құрылысы 50 млн теңгені құраса, дәл сол 150 орынға арналған клубтың Алматы облысы Алакөл ауданы Ақтүбек ауылындағы құрылысы 518 млн-нан астам қаржыны құрады. Айырмашылық 10 есе.

Әлібек Қуантыров, ҚР Ұлттық экономика министрі:

Осы мәселе өте танымал. Тек осы жоба емес, республика бойынша қарасақ, өңірлерде бір-біріне ұқсас жобалардың айырмашылығы өте үлкен болуы мүмкін. Қазіргі таңда, жаңа өңірлік стандарттарды қарастырғанда, осы мәселені біз қайта қараймыз.

Берік Көшербай

Хабарламаларға жазылу