Өскемендік тұрғындар мал сою цехын салуға наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өскемендік тұрғындар мал сою цехын салуға наразы

26.04.2022

Өскемен тұрғындары мал сою цехының құрылысына наразы. Қала билігі кәсіпкерге шеткі шағын аудандағы көпабатты үйлердің дәл іргесінен жер телімін берген. Алайда сол маңдағы жұрт бұл шешімді естіген бойда өре түрегелді. Жобаны қолға алған ресейлік компания өкілдері жобаның тиімділігін айтып, тұрғындарды сендіруге тырысқанымен дегендері болмады. Жұрт санитарлық талаптар сақталады дегенге сенбей отыр. Ал цех салынатын шағын ауданда қазір 4 мыңға жуық тұрғын бар.

Ербол Қойбағаров, қала тұрғыны:

Ол бізге кедергі болады. Иісі шығады, кедергі болады. Енді жаман ғой халыққа. Міне жерде бізде балабақша бар. Ауданымыз экология жағынан таза. Самал жел соғады мына таудан Үлбіге. Соған міне халықтың бәрі шығып отыр біз қарсымыз.

Егер цех салынса ол жерде сағатына 240 шошқаға дейін сойылмақ. Шошқа сойылады дегенді естіген тұрғындар тіпті ашуға мінді. Еуропада баламасы жоқ цех салуды көздеген инвестор даниялық доңыздарды өсіруді жоспарлапты.

Андрей Чистюхин, кәсіпкер:

Алғашқы инвеститция мөлшері 300 миллион доллар болады. Аз дегенде 2 мың адам жұмыс істейтін болады. Енді қанша салық түсетінін есептей беріңіз. Оған қоса қаланың дәл осы шағын ауданына 10 жыл бизнес жобаларды жүзе асыру үшін инфроқұрылым дайындалған. Соны пайдалануға келдік.


Хабарламаларға жазылу