Түркістан облысы Қазығұрт, Сарыағаш аудандарында нөсер жауын салдарынан зардап шеккен тұрғындарға өтемақы төленеді. Соңғы мәліметтер бойынша, кешегі жауында 370 бас мал өлген. Қазір нөсер жауыннан зардап шеккен ауылдар ретке келтіріліп жатыр. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің және жергілікті атқарушы органдардың 100-ден аса қызметкері арықтарды тазалап, тұрғындарға қолғабыс етуде. 15 техника, 13 мотопомпаның күшімен су сорылып жатыр. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 41 үй мен 43 қора қопсы және 1 мейрамхана мен 16 ғимаратқа су кіргені анықталды. Сонымен қатар шығын болған малдың саны 370 басқа жеті. Комиссия шығын көлемін әлі нақты жарияламады.
Айнұр Ақбаева