«Amanat» партиясының мобильді қоғамдық қабылдауы жалғасып жатыр. Бүгін партия мүшелері Шығыс Қазақстан және Атырау облысына барды. Шалғайдағы он елді мекенді аралап, 250-ден астам тұрғынды қабылдады. Ауылдықтар үшін өзекті мәселе –ауыз су мен жол. Сонымен бірге ұялы байланыс пен интернет сапасын жақсарту үшін көмек сұрады. Тұрғындар тарапынан түскен толассыз сұрақтар мен өтініштер жиналып, тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді. Жыл басынан бері партияның қоғамдық қабылдауына 40 мыңнан астам адам жүгінген. Бұған дейін мобильді қабылдау өткізу үшін Ақмола, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облысына барған болатын. Ертең партияның кезектен тыс XXIII съезі өтеді.
Қонысбек Терекұлы