Бренттің бағасы 102 доллар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бренттің бағасы 102 доллар

25.04.2022

Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл арзандады. Қазір америка ақшасы 448 теңге, еуро 481 теңге 50 тиын, рубль - 5 теңге 60 тиын. ((КСМ)) Ал мұнай арзандай бастады. Бағаның түсіне Қытай тарапынан сұраныс азаяды деген қауіп себеп. Өйткені онда коронавирус өршіп, ковидтің таралуы бойынша Шаңхайда рекорд тіркелді. Сарапшылардың болжамынша Қытайда бензин, дизель мен керосинді тұтыну сәуірде 20 пайызға азаяды. Бұл нарыққа бірден әсер етіп, қара алтын құнын түсіріп жіберді. Қазір брент 102, WTI 98 доллардан сатылып жатыр. 

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу