Президент ҚХР Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ҚХР Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады

25.04.2022

Президент Қытай халық республикасының Қорғаныс министрі Вэй Фэнхэні қабылдады. Қазақстан Президенті өзінің 2019 жылғы қыркүйекте Пекинге мемлекеттік сапары мен биылғы ақпанда ҚХР-ға жұмыс сапары барысында қол жеткізілген маңызды уағдаластықтардың жүзеге асырылуына оң баға берді. Екі ел арасындағы ұзақмерзімді стратегиялық серіктестік туралы жоғары деңгейде бекітілген Декларация осы жұмыстардың негізгі бағыты екені атап өтілді.Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің биылғы қыркүйекке жоспарланған мемлекеттік сапарына Қазақстанның үлкен үміт артып отырғанын атап өтті. Мемлекет басшысының пікірінше, алдағы жоғары деңгейдегі келіссөздер қазақ-қытай қатынастарын дамытуға тың серпін береді.Өз кезегінде Вэй Фэнхэ Қытай тарапының осы саладағы өзара тиімді кооперацияны одан әрі дамытуға дайын екенін растады. Оның пікірінше, Қарулы Күштердің әлеуетін арттыру және мемлекетіміздің қорғаныс қабілетін нығайту үшін жүзеге асырылып жатқан реформалар негізінен бұл бағыттағы жетістіктерге ықпал етеді.

Сонымен қатар кездесуде халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды.


Хабарламаларға жазылу