Қаңтар оқиғасы бойынша 585 күдікті қамауда отыр - Бас прокуратура - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасы бойынша 585 күдікті қамауда отыр - Бас прокуратура

25.04.2022

Қаңтар оқиғасына қатысты ұсталғандардың кейбірі жазадан жалтару үшін азаптау жайлы жалған ақпараттар таратқан. Бүгін тергеу барысы жайлы баяндаған Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі өкілдері кейбір белсенділердің әрекеті жайлы айтып берді. Мәселен Алматы облысының әкімдігі мен Полиция департаментіне шабуылды екі азамат ұйымдастырғанын айтты. Ол үшін жұртты арандатып, 400-ден астам қол жинаған. Кейін қару-жарақ дүкендерін тонап, жымысқы ойларын жүзеге асырыпты. Ал Алматы әуежайына басып кірген Н есімді азамат, жарықты сөндіріп, ұшақтардың ұшып-қонуын тоқтатқан. Қазір олар терроизм бабы бойынша істі болып жатыр. Ал Жамбыл облысындағы мемлекеттік ғимараттарды өртеген азамат, «тергеушілер азаптады» деп шағым түсірген еді. Мұны жоққа шығарған Бас прокуратара кейбір ұсталғандар қорғану мақсатында азаптау жайлы жалған ақпарат таратқан дейді. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Сондай-ақ Қаңтар оқиғасы кезінде Алматы облысында 16, Шығыс Қазақстанда 7 адамның қаза тапқаны айтылды.

Елдос Қилымжанов, ҚР Бас прокуратурасының Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары:

Қаңтар оқиғасы бойынша жалпы 265 іс сотқа жолданып, олармен 243 адам сотталды. Қазір 585 адам қамауда отыр. Олар қирату, ғимараттарды өртеу, қаруларды жымқыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдары ғимаратына шабуыл жасауда белсенді қатысқан.


Хабарламаларға жазылу