Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қатты жел соғып, ауылдың астан-кестеңін шығарды. Дауыл 5 ғимараттың шатыры ұшып кеткен. Дәл қазір өңірдегі тілшіміз Әділбек Серікұлы тікелей байланыс арқылы жағдайды баяндауға дайын.
Әділбек, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен адамдар бар ма?
Әділбек Серікұлы, тілші:
Төтеншеліктердің мәліметінше, тұрғындар тарапынан жарақат алып, зардап шеккендер жоқ. Дегенмен, кент орталығындағы екі қабатты көп пәтерлі тұрғын үй шатырсыз қалды. Мұнан бөлек, аудан әкімдігі мен Қаржы бөлімінің және екі білім беру нысанына желден айтарлықтай зиян келген. Қазір дауылдан кейін бүлінген нысандарды қайта қалпына келтіріп жатырмыз, дейді мамандар. Сондай-ақ, кешегі қатты дауылдан бірқатар елді мекен жарықсыз қалып, электр подстанцияларында авариялық жағдай тіркелген. Жаңақорғандағы жағдайға байланысты алдағы уақытта да тың ақпаратпен бөлісетін боламыз.
Әділбек Серікұлы