Шымкентте қоғамдық көлік жүргізушісі жол үстінде есінен танып қалды. Салдарынан жолаушылар мінген автобус жол жиегіндегі тротуарға шығып кеткен.
Оқиға Бауыржан Момышұлы мен Тұрар Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Адамдар дін аман.
Кейіннен белгілі болғандай, автобус жүргізушісін сона шағып алғандықтан, көлік рулін игере алмай қалған. Оған сол жерде медициналық көмек көрсетілді.