Қаржы мониторингі агенттігі халықаралық QNET қаржы пирамидасына қатысты тергеуді бастады. Тіпті компанияның еліміздегі жетекші өкілдеріне қатысты іс қозғалып, біреуі үйқамаққа алынған. Агенттік баспасөз қызметінің хабарлауынша компания Қазақстан аумағында тіркелмеген, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырмайды. Әрі банк қызметі мен қаржылық операцияларды жүргізуге рұқсаты жоқ.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз хатшысы:
Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды аса сақ болуға және қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айласына түспеуге шақырады. Егер сіз немесе жақындарыңызбен достарыңыз осындай пирамидаға тартылған болса агенттікке хабарласыңыз.
Досжан Маратұлы