Шығыстағы Күршім ауданында "Жол картасы-2020" бағдарламасымен салынған үйлер сапасыз болып шықты. Баспаналар көпбалалы және кезекте тұрған әлеуеті әлжауаз отбасыларға берілген. Алайда салынғанына бір-ақ жыл болған үйлердің қабырғасы көгеріп, төбесінен су сорғалап жатыр. Тұрғындардың баспанға қатысты базынасын тілшіміз Олжас Керейхан тыңдап қайтты.
Балалар үйінде тәрбиелген Әділжан Мұқарбеков былтыр күзде баспаналы болған. Талай жыл үй кезегінде тұрған жас отбасы бастапқыда қатты қуаныпты. Алайда жаңа баспананың қазір базынасы көп болып тұр.
Қозғалып тұрған төбе мен терезден суық соққандықтан жылу жүйесі де істен шыққан.Жас отбасы қыс ортасында Өскеменге көшіп, пәтер жалдауға мәжбүр болыпты. Қазір ұсақ-түйек жөндеу жұмысын тұрғындар өздері істеп жүр.
Әділжан Мұқарбеков, Күршім ауылының тұрғыны:
Мына жерде негізі пеш тұрған. Одан түтін шығады. Алты айлық балам бар. Негізі ас бөлмеде пеш тұрған дұрыс емес. Қыста анау жақта пеш атылды. Сонда пештің бәрін кіреберіске ауыстырды.
Екі пәтрелі жеке үйлер негізінен көпбалалы отбасыларға ұзақ жылға жалға берілген. Бірақ жаңа үйлердің электр, жылу жүйсінде ақау көп. Аула да астаң-кестең.
Қымбат Тілеубекова, көпбалалы ана:
Мына жерде 20 пәтер 10 үйден екі пәтерлі үйлер, ішінен 80 бала шығады. Трансформатордың түрі мынау. Тұрған. Сырт жағы еш қоршалмаған. Жарайды аялдаманы орнатып қойды. Оған шығатын жер жоқ. Көктем шықсын деді жер кепсін деді. Бәрін шыдап күтіп отырмыз.
Тұрғындардың күтіп отырғанына 1 жыл болды. Ал көшені абаттандыру тендерін ұтып алған алматылық компания жұмысты аяқсыз қалдырған. Жиек тас шашылып, терең шұңқырдың беті ашылып жатыр.
Әсем Ахмадиева, Күршім ауылының тұрғыны:
Балалар түсіп кетсе, деп қорқып отырмыз. жанымызды шүберекке түйіп отырамыз. Балаларды шығарған кезде артынан еріп жүреміз. Бала деген ертең бір бірін иетріп жіберіп ішіне түсіп кетсе, не болады. Сонда бала өлімін тосып отыр ма?
Аудан әкімдігі ауланы абаттандыруға міндетті мердігерді сотқа беріпті. Ал үйлерде анықталған ақау қайта жөнделмек.
Мақсат Әкірамов, Күршім аудандық түкш бөлімінің басшысы:
Мердігер ұйым өз қаражаты есебінен кепілдеме аясында жүзеге асырады. Тапсырмалар берілді. Алдында да істелді. Қазір бұл бойынша жұмыстар жасап жатырмыз. Барлық хаттар ескертепелер жолданды.
Күршім ауданында жалпы екі пәтрлі жеке 10 үй салынған. Құрылысына республикалық қазынадан 300 миллион теңгеге бөлініпті. Шамамен бір үйдің бағасы 5-8 миллион теңге болады. Бірақ тұрғындарды үйдің бағасы емес сапасы алаңдатып отыр.
Олжас Керейхан