Ресей күштері Украинаның шығысындағы Донецк облысында 42 ауылды басып алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей күштері Украинаның шығысындағы Донецк облысында 42 ауылды басып алған

22.04.2022

Ресей күштері Украинаның шығысындағы Донецк облысында 42 ауылды басып алған. Президент Владимир Зеленский мұның уақытша екенін, басып алынған жерлер Украинаға қайтарылатынын мәлімдеді. Рубежное, Попасная елді мекендері үшін ұрыс жүріп жатыр. Ресей әскері Харковьті жартылай қоршауға алып, әуеден үздіксіз соққы берген. Қаладағы ғимараттар жермен-жексен болды. Ал, Мариупольдағы «Азовсталь» зауытында жүздеген украиналық сарбаз бен бейбіт тұрғын бар. Украина билігі оларды шұғыл түрде эвакуциялауға мүмкіндік беруге үндеді.

Украина президентінің сөзінше, елді соғыстан кейін қалпына келтіруге ай сайын 7 миллиард доллар қажет. Зеленский Мұны Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры өкілдерімен өткен видеоконференцияда мәлімдеді. Тағы бір мәлімет. Батыс елдері Киевке көмек беруді ұлғайтты. Құрама Штаттар президенті Джо Байден тағы 800 млн доллар бөлетінін мәлімдеді. Оның аясында Украинаға ауыр артиллерия, оқ-дәрі, ондаған гаубица мен 144 мың снаряд, пилотсыз аппараттар жеткізіледі.


Хабарламаларға жазылу