Талдықорғанда Сенат депутаттығына кезектен тыс сайлау өтті. Алматы облысы атынан сайланған сенатор Нұрлан Қылышбаевтың басқа қызметке ауысуына байланысты Мәслихат депутаттары өз таңдауын жасады. Жалпы өңірде облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарда 358 депутат болса, солардың 346-сы сайлау комиссиясына келіп дауыс берді. Ал Сенат депутаттығына науқан басталғанда 7 кандидат тіркелген болатын. Олардың бесеуі әртүрлі себептермен жарыс жолынан шығып қалды.
Аманжол Жазықбаев, қалалық Мәслихаттың депутаты:
Жаңа Қазақстанды құрудағы жаңа келбеттер барып сол жаққа, осы жер-жердегі халықтың ой-пікірін сол жақта бір бағытқа арнап, жақсы жаңалықтар болады деген ойдамыз. Сондықтан осы сайлаудан біз үлкен нәтижелер күтеміз.
Қуаныш Қанатұлы