«Жедел желі» бағдарламасында Білім және ғылым министрі оқу жылының 25 мамырда аяқталатынын айтты. Бірақ, білім сапасын арттыру мен пандемия кезінде білім берудегі олқылықтардың орнын толтыру үшін, жазғы мектептер ашылады. Мұнда сабақтар әдеттегі форматта өтпейді. Ыңғайлы оқу кестесі ұйымдастырылады. Сабақтар мұражайларға және экскурсияларға бару түрінде де өтеді. Оқушыларға баға қойылмайды, үй тапсырмасы берілмейді. «Білім ошағына бару ерікті түрде, бірақ ата-аналарға балаларын жазғы мектепке жіберуге кеңес береміз», - деді министр. Сонымен қатар, Президент бастамасымен, биыл «Балалар жылы» деп жарияланған. Осының аясында жазғы лагерьлер саны да артады.
Асхат Аймағамбетов ҚР Білім және ғылым министрі:
15-17 маусымға дейін балалар үшін жазғы мектеп дайындаймыз. Ол балалар үшін керемет мүмкіндік. Көп біздің ата-аналар репетиторларға ақашсын төлеп, балаларын білімді, білікті болсын деп жіберіп жатыр. Ал бұл мектепте ақысыз үлкен мүмкіндік деп білу керек.