Әйел мен бала құқығына қатысты заң күшейді. Оларды зорлық-зомбылықтан қорғайтын арнайы инспекторлар жұмысына ерекше мән беріледі. 50-ге жуық дағдарыс орталығы жәбірленушілерге заңгерлік, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетеді. Бүгінде 2700-ден астам әйел осы дағдарыс орталығына орналастырылған. Бұдан былай әйелдер мен балаларға жасалған қылмыстың бетін ашатын әйел тергеушілердің саны артады. Өйткені жапа шеккен әйелдер көбіне әйел тергеушіге сенеді. Сондай-ақ, Ішкі істер министрілігі осыған қатысты тағы бір заң жобасын Парламентке ұсынған.
Әсет Оспанов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма басшысы:
Учаскелік полиция инпекторлары жәбірленушінің пікірін ескермей тұрмыстағы зорлық-зомбылық фактілері бойынша нұсқамасын өз бетінше шығару жөніндегі өкілеттілігін кеңейту. Бұл норма құқық бұзушылықтардың алдын алуды күшейтуге ықпал етеді. Отбасылық жанжалдың мінез-құлқын бақылауға мүмкіндік береді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде әйел тергеушілердің саны артады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/index.php/news/156451/)