Биыл елімізде қолдан ақша жасау бойынша 12 іс тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Биыл елімізде қолдан ақша жасау бойынша 12 іс тіркелді

21.04.2022

Биыл бірінші тоқсанда елімізде ақшаны қолдан жасау бойынша, 12 іс тіркелді. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері мәлімдеді. Оның 7-еуі елордада, 4 факті Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында, қалғаны Түркістан облысы мен Шымкентте тіркелген. Жедел шаралар нәтижесінде жалған ақшаны өткізудің жолы кесілді. 1 200 банкноттың жалпы сомасы 67 мың доллар. Өзге ақпарат, тергеу мүддесіне орай жарияланбайды. Қаржылық мониторинг агенттігі азаматтарды сақ болуға және валютаны екінші деңгейлі банктерде немесе арнайы пунктерінде айырбастауға кеңес береді.

Хабарламаларға жазылу