Рудныйда 70-тен астам колледж студенті астан уланып, бірқатары ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайы қалай екенін бізбен тікелей байланысқа шыққан Қостанай облысындағы меншікті тілшіміз Дәуренбек Әбдібектен сұрайық. Дәуренбек болған оқиға туралы қандай ақпарат бар?
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Рудныйдағы колледжердің бірінде 70-тен астам студенттің астан уланғаны жайлы ақпарат кеше кешкісін тарай бастады. Әзірге ресми органдардан нақты мәлімет жоқ. Бірақ Санитарлық –эпидемиологиялық бақылау департаменті мен облыстық денсаулық сақтау басқармасы бұл оқиғаны растады. Медицина мекемесіне жүгінгендер өздерінің жүректері айнып, құсқандарын айтқан. Олардың жағдайы жеңіл және орташа деп бағаланып отыр.
Ауруханаға қанша студент жатқызылды? Олардың жағдайы қалай екен?
10 адам ауруханаға жатқызылған, қалғандарына алғашқы көмек көрсетілген соң үйлеріне жіберілген. Әрине, олар да дәрігерлердің бақылауында болады. Ал студенттердің асты сол күні қайдан ішкені, қандай тамақтан уланғаны әзір белгісіз. Бұл туралы алдағы уақытта анықтап, көрермендерге жеткіземіз.
Дәуренбек Әбдібек