Енді жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Енді жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі

19.04.2022

Енді жеңілдетілген автонесие бастапқы жарнасыз беріледі. Бағдарламаның кейбір шартына өзгеріс енгізілді. Көлік алу үшін алғашқы жарна алынып тасалып, сомасы ұлғайды. Автонесиені 15 млн теңгеге дейін алуға болады. Премьер министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр көлік тапшылығына қатысты «чиптер жетіспейді. Өндіріс азайып, автомобильдерге сұраныс артты» деп жауап берді. Жалпы жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 100 млрд теңге бөлінген еді. Автокәсіп қауымдастығы елде биыл үш айда 213 млрд теңгеге 22 мыңнан аса техника шығарылғанын айтты. Олар көлік құрастыру алдағы уақытта артады дейді. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу