Ел қазынасына 4 трлн теңгеге жуық салық түсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ел қазынасына 4 трлн теңгеге жуық салық түсті

19.04.2022

Ел қазынасына 4 трлн теңгеге жуық салық түсті. Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері былтырға қарағанда салықтан түсетін ақшаның 1 трлн 520 млрд теңгеге көбейгенін айтты. Бұған бірнеше фактор әсер еткен. Әсіресе бірінші тоқсанда өзге мемлекеттермен тауар айналымы 1,6 есе артқан. Яғни экспорт пен импорттың үлесі бірнеше есе ұлғайды. Мұнайдан түсетін табыс салығы да былтырмен салыстығанда 502 млрд теңгеге өскен. Кірістер комитетінің мәліметінше, шикізаттан салықтың көп түсуіне бағасының 65,5%-ке өсуі себеп болған. Ішкі нарықтағы тауарларға қосылған құн салығы, кедендік баж салығынан да пайда артқан. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу