«О Генри» тобы: Қатысушыларға әділ жеңіс тілейміз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«О Генри» тобы: Қатысушыларға әділ жеңіс тілейміз

23.07.2014
«О Генри» тобы: Қатысушыларға әділ жеңіс тілейміз

Ресейдің атынан шығатын «О’Gенри» тобы Кирилл, Максим, Евгений, Егор және Денис деген жігіттерден тұрады.

Кирилл – музыкамен сәби кезінен әуес ол 8 жасында музыка мектебіне барады.  Саратов облыстық Өнер училищесінде, Маймонид атындағы мемлекеттік классикалық академияда білім алған. Қазіргі таңда Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінде оқиды. Топ мүшесі хоккей, сноуборд, скейт, серфинг, үлкен тенниспен шұғылданады.

Максим – Мемлекеттік музыкалық эстрада және джаз өнері училищесінің түлегі. Сондай-ақ, Мәскеу мемлекеттік мәдениет және өнер университетінің магистрі. Бос уақыты бола бермейді, ал егер қолы босай қалса, оны ұлымен, сүйіктісімен және достарымен өткізгенді ұнатады. Музыкант хоккей және бокспен айналысады.

Евгений – Мемлекеттік музыкалық эстрада және джаз колледжінің түлегі. Жүгірумен және жүзумен айналысады. Евгенийдің арманы – «О’Генри» тобымен әлемдік турнеге шығу.  Бала кезінде құтқарушы болуды армандаған.

Егор – Оренбург мемлекеттік педагогикалық университетін «менеджмент» мамандығын тәмамдаған. Бокс және хоккеймен айналысады. Бала кезінде достары «Горыныч» деп атаған ол  батыр болуды армандаған екен. Түрлі деңгейдегі рок әндерін тыңдауға әуес.

Денис – Санкт-Петербург мемлекеттік университеті халықаралық журналистика факультетінде, Солтүстік-Осетия мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде оқыған. 6 жасынан бері ән айтады. Бос уақытында футбол ойнап,  кітап оқығанды ұнатады.

 «О’Gенри» тобының конкурс қатысушыларына жүрекжарды тілегі: «Әділ жеңіс пен ешқандай қобалжу болмауын тілейміз».

Топ бүгінгі байқауда 4-ші болып шығады.

 

Хабарламаларға жазылу