Қостанай облысында зейнеткердің атынан 600 мың теңге несие рәсімдеген адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында зейнеткердің атынан 600 мың теңге несие рәсімдеген адам ұсталды

19.04.2022
Қостанай облысында зейнеткердің атынан 600 мың теңге несие рәсімдеген адам ұсталды

Қостанай облысында интернет- алаяқ зейнеткердің атынан 600 мың теңге несие рәсімдеген. Ол бұл қаржыға «Айфон» маркалы телефон сатып алыпты. Қарабалық ауданында тұратын 65 жастағы ер адам өзінің атына несие рәсімделгенін банк қызметкерлері қоңырау шалғанда бір-ақ білген. Анықтай келгенде несие өткен жылдың қазан айында алынғаны және содан бері бірде-бір төлем жасалмағаны белгілі болды. Соның кесірінен үстеме қосылып, банк зейнетақының белгілі бір бөлігін қарызды жабу үшін ұстай бастапты. Көп ұзамай 46 жастағы ер адам ұсталды. Жеке деректерін алып сырттай несие рәсімдеген адам зейнеткердің ауылдасы болып шықты.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу