Қырғыз елінен «Style Mix» триосы қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қырғыз елінен «Style Mix» триосы қатысады

23.07.2014
Қырғыз елінен «Style Mix» триосы қатысады

«Style Mix» топ мүшелері: Илима Дүйшеналиева, Алибек Эркинбекұлы, Таласбек Кемелұлы. Үшеуі де қазіргі таңда Бішкек қаласында тұрады.

Илима Дүйшеналиеваның мамандығы – фортопианошы. Қазіргі таңда Жүсіп Баласұғын атындағы Қырғыз Ұлттық университетінің, философия факультетінің түлегі.

Алибек Эркинбекұлы Халықаралық Қырғыз университетнің түлегі болса, Таласбек Кемелұлы Мураталы Куренкеев атындағы училищенің эстрадалық вокал мамандығын тәмамдаған.

Илима Валерий Меладземен ән шырқауды армандаса, Алибек Леонид Агутинмен дуэт орындағысы келеді. Ал, Таласбек болса, Алексей Чумаковпен бір сахнада ән айтқанды қалайды.

«Style Mix» тобы ән байқауының алғашқы жарыс күнінде сахнаға бірінші нөмірмен шығады.

Хабарламаларға жазылу