Біріккен Ұлттар Ұйымының есебінше, 650 мыңдай адам өзге елдерден қайтып келген. Дегенмен билік мұның қауіпті екенін ескертті. Өйткені Ресей күштері Украина қалаларын зымырандармен атқылап жатыр. Харковь орталығында әуе соққысынан 5 адам қаза тауып, 13-і жараланған. Елдің Луганск облысының тұрғындарына шұғыл түрде эвакуциялану қажеттігі ескертілді.
Өйткені таяуда мұнда Ресей күштері мен Украина армиясы арасында қиянкесі ұрыс басталайын деп жатыр. Азат етілген қалаларда тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Бородянкада құтқарушылар үйінді астынан тағы 40 адамның денесін шығарған. Ал, Мариупольде жағдай күрделі. Қоршаудағы қала қорғаушылары қаруларын тастамайтынын мәлімдеді. Бұған дейін Ресей оларды өз еркімен берілуге шақырып, ультиматум қойған еді.
Арай Төлегенқызы