Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ирина Смирнова осындай ұсыныс жасап, Премьер-Министрдің атына депутаттық сауал жолдады. Тиісті ведомство тестілеуді тапсыру бойынша шараларды мектептерге жүктейді. Яғни, мектеп түлектерін жинау, тиісті орынға дейін автокөлікпен қамтамасыз ету, тамақтандыру, ал, кейбір жағдайларда тұрғылықты жерін қамтамасыз ету де кіреді. «Бұл бірінші кезекте мұғалімдерге жүктеме»,-дейді депутат.
Индира БЕГАЙДАР