Балаларға қатысты кибербуллинг фактілері жіті бақыланып, қоғамның ақпаратқа деген сұранысы ескерілмек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балаларға қатысты кибербуллинг фактілері жіті бақыланып, қоғамның ақпаратқа деген сұранысы ескерілмек

17.04.2022

Желілерде «еститін үкімет қайда? Жаңа Қазақстан осы ма?»- деген желеумен түрлі мәселе көтеріліп жатыр. Солардың бірі - балаларға қатысты кибербулинг жөніндегі заң жобасы. Қоғам наразылығына Сенат құлақ асыпты. Жоғары палата Мәжілістің бұл заң жобасын қабылдамай, кері қайтарды. Көпшілік осы құжаттың әлеуметтік желілер жұмысын шектеу бойынша нормасына қарсылық танытты. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев соны ескеріп, кейбір ережелерді қайта қарау керек, -деді. Сонымен, заң жобасынан мемлекеттік органға интернет-ресурстардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің жұмысын шектеу, не тоқтату бойынша құзырет берілмейді. Өйткені сенаторлардың пікірінше, «балаға кибербуллинг жасалды» деген арызды мемлекеттік орган емес, сарапшылар тобы қарау керек. Осылайша, балаларға қатысты кибербуллинг фактілері де жіті бақыланып, қоғамның ақпаратқа деген сұранысы да ескерілмек. Жалпы, елімізде «буллинг» түсінігі енді енгізіліп жатыр. Мәулен Әшімбаев сөзін «Жаңа Қазақстан» тұжырымдасына осындай шешімдер сай келеді деп түйіндеген екен. 


Хабарламаларға жазылу