Айтпақшы, «цифрландыру» дегенде еске түсетін ресейлік «Сбер»-ден Қазақстан бас тартты. Дұрысы: бас тартудан басқа амал қалмады. Санкциялардың салдары ғана емес, қайыры да бар екен. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асқар Жамбақин «Қазіргі геосаяси ахуалды, сонымен қатар өзге де тәжірибелерімізді саралай келе өз күшімізбен, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен жасаймыз деп шештік. Бұл платформа қазақстандық ІТ-компаниялардың күшімен жасалады. Қазір техникалық-экономикалық сараптама жасалып жатыр. Жыл соңына дейін бірінші сервистер дайын болады. Жобаға 2-3 жылда көшеміз», - деді.