Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілердің тұрғын үй мәселесін шешуге бағытталған заңға қол қойды. Құжаттағы өзгерістер әскери және арнайы органдағы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, қызметтік тұрғын үйді жекешелендіру құқығының ауысуы және қалдық құны бойынша немесе өтеусіз жекешелендіру мәселесі қарастырылған.
Сондай-ақ заңмен әскерилерге арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне ұқсас құқық пен міндеттер беріледі. Әскери қызметші қызметтен босатылған күннен бастап, оны қызметке қайта қабылдаған күнге дейін кемінде үш ай өтсе, әскери қызметті үздіксіз атқарған болып саналады.
Берік Көшербай