Атырауда лауазымды шенеуніктер «мүгедектерден пара алды» деген күдікке ілінді. Атап айтсақ, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы және осы ведомствоның бөлім басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірдегі департаменті, күдіктілердің мүмкіндігі шектеулі тұрғындардан мүгедектігін кедергісіз ұзарту үшін, жүйелі түрде 30 мыңнан 70 мың теңгеге дейін пара алып келгенін анықтаған. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Жандос Темірғали