Сот төрағасы немесе сот алқаларының төрағалары азаматтармен қызметтен тыс уақытта кездеспеуі керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сот төрағасы немесе сот алқаларының төрағалары азаматтармен қызметтен тыс уақытта кездеспеуі керек

15.04.2022

Сот төрағасы немесе сот алқаларының төрағалары азаматтармен қызметтен тыс уақытта кездеспеуі керек. Бұған заңмен тыйым салынады. Олар азаматтарды жеке өтініштерімен қабылдауға да құқылы емес. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов осылай деді. Көптеген азамат осындай өтінішпен жүгінетін көрінеді. Жеке қабылдау арқылы сот актісін қайта қарауды сұрайтындар бар. Сот актілеріне шағым жасаудың тәртібіне тоқталған ол, сотты мемлекеттік органмен салыстыруға болмайтынын айтты. Судья әр адамның жеке ісін тыңдап, мәселесін шешіп беретін мемлекеттік орган басшысы емес. Сот төрағасы қабылдауды тек өзінің төрағалық функциялары бойынша жүргізеді. Мәселен, ұйымдастырушылық, сот практикасы, сотта қызмет көрсету ісі. Ал қалған уақытта кездесу сот төрелігінің негізгі қағидатына қайшы келеді. Бүгін сондай-ақ, қылмыстық процеске кезең-кезеңмен үш буынды моделді енгізу, прокуратура қызметі мен прокурор міндетіне қатысты мәселелер айтылды.

Нұрсерік Шәріпов, ҚР Жоғарғы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы:

Заң талабы бойынша Судьялар залдан тыс жерде тараптармен кездесуге қатаң тыйым салынған. Тек қана залда, тек істі қарау барысында кездесу керек. Қалған уақытта кездесуге заңда жауапкершілік бар.

Раушан Сайлауқызы

Хабарламаларға жазылу