Бүгін ақордада Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытай Халық Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Шахрат Нұрышевты қабылдады. Әңгіме барысында Президент көрші елмен жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселесіне назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзиттік ықпалдастықты, инвестициялық жобаларды дамытудың, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы байланыстарға тың серпін берудің маңызды екенін атап өтті.
Шерхан Жамбылұлы