Жамбыл облысында жүрген Ауылшаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев бірнеше аудандарды аралап, шаруалармен кездесті. Шу ауданындағы жаңдан салынып жатқан қант зауытының құрылысымен де танысты. Жылдық қуаттылығы 148 800 тоннаны құрайтын қант зауытының құрылысы өткен жылы басталған. 50 гектар аумақты қамтитын өндіріс орынының жобалық құны 92 миллиард теңгеден асады. Қазір зауыт алаңы дайындалып, жол жабындылары төселген. Жобаның аяқталу мерзімі 2023 жылға жоспарланған. Келер жылы өндіріс ошағы іске қосылатын болса, шикізат қорын дайындау үшін аймақта 70 мың гектар алқапқа қант қызылшасын егу көзделіп отыр. Сонымен қатар, күніне 8 мың тонна өнім өңделіп, 260 азамат жұмыспен қамтылмақ. Ал, министр өз кезегінде мұндай зауыттар отандық нарықта бәсекеге қабілетті болуы керектігін атап өтті.