Тестілеу кезінде қайтыс болған мұғалім жүрек ауруымен есепте тұрған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тестілеу кезінде қайтыс болған мұғалім жүрек ауруымен есепте тұрған

14.04.2022

Алматыда біліктілікті арттыруға арналған Ұлттық тестілеу кезінде мұғалімнің неден қайтыс болғаны белгілі болды. Ұлттық тестілеу орталығының хабалауынша 1973 жылы туған ер адам гипертензиялық ауруына байланысты емханада есепте тұрған. Ресми мәліметке сүйенсек мұндай оқыс оқиға соңғы төрт жылда алғаш орын алып отыр. Бұған дейін айтқанымыздай өзін жайсыз сезінген педагогке алғашқы медициналық көмек көрсетілмеген. Енді дәрігерлердің жұмысын бақылау шаралары күшейтіледі деп отыр аталған орталық өкілдері. Айта кету бақилық болған азамат Ақтөбе қаласының тумасы.


Хабарламаларға жазылу