Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мағзұм Мырзағалиев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

14.04.2022

Руслан Желдібай Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды. Ол еңбек жолын «Қазақстан» телеарнасында редакторлықтан бастады. «Алматы» арнасында да бөлім басшысы, продюсер қызметін атқарды. Ақпарат және коммуникациялар комитетінде басқарма басшысы, сосын аталған комитет төрағасының орынбасары болған. Президент Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары және Премьер-Министр кеңсесі басшысының орынбасары лауазымын атқарды.

Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясына жаңа басшы бекітілді. Бұл лауазымға бұған дейін Президент кеңесшісі қызметін атқарған Мағзұм Мырзағалиев тағайындалды. Ол әр жылы Экология, геология табиғи ресурстар және энергетика министрі болды.

Нысаналы Ығыл

Хабарламаларға жазылу