Алматы әуежайының электронды поштасына «Минсктен ұшып келетін ұшақта жарылғыш зат бар» деген хабар келіп түсті. Бұл туралы аэропорт баспасөз қызметі хабарлады. Минск – Алматы бағытындағы ұшақтың бортында 171 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болған. Әуе кемесі бүгін таңғы 4-те Алматы әуежайына келіп қонды. Жарылғыш зат туралы хабар тараған соң Көліктегі полиция департаментінің мамандары, ұшақты тексеріп, оның жалған ақпарат екенін растады.
Нұрсұлтан Тілектес