«Бір құбырға байланған» экспорттық жүйе Қазақстан экономикасының дамуына қауіп төндіреді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Бір құбырға байланған» экспорттық жүйе Қазақстан экономикасының дамуына қауіп төндіреді

13.04.2022

«Бір құбырға байланған» экспорттық жүйе Қазақстан экономикасының дамуына қауіп төндіреді. Осылай деген депутат Айқын Қоңыров экспорттың балама бағыттарын қарастыруды ұсынды. ((КСМ)) Ол консорциумдағы апатқа техникалық жағдай деп емес, мұнай-газ саласындағы жүйенің бұзылуы деп қарау керек дейді. Еуроодаққа мұнай экспортының 80%-і Каспий құбыры консорциумы арқылы тасымалданады. Мұнда «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мемлекеттің үлесі небары 19%. Шикізатты елдегі ірі кәсіпорындар жібереді. Осыған байланысты экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылданып жатқан шараларды жариялауды ұсынды. 

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу